ҚАРАЛМА» ТАУ ШАҢҒЫ КЕШЕНІН ТОЛЫҚ АЯҚТАУҒА 2 МЛРД КЕРЕК
«Қаралма» спорттық-туристіккешені 2018 жылы Жамбыл мен Түркістан облыстарының түйіскен тұсында салына бастады. БатысЕуропа – Батыс Қытай авто дәлізінен 8 шақырымды тас жол салынып, инфрақұрылым жүргізілген еді. Бірақ қазір мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында басталған жоба тоқтап тұр.
Мақтауын асырған «Қаралма» тау шаңғы базасы қазір сақалды құрылысқа айналған. 2018 жылы қолға алынғанда жалпы жобалық құны 4 млрд теңге еді.Бірнеше жыл өткеннен кейін тағы 1 млрд теңгені қажет деген ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды. Ал күні кеше облыс әкімі кешенді өз көзімен көруге барғанда жауаптылар 2 млрд теңгені қажет екенідігін айтты. Ал, жобаның жалпы құны 7,8 млрд теңгені құраған.
– Дорожны карта бизнесі бойынша 600 млн бөлінген болатын оныда игердік. Алдындағы біріншіэтапынбізөзқаржымызғажүргізгенболатынбыз. Шамамен 4 млрдтан аса ақща кетті,-дейді Әлімбек Жұмабаев , кәсіпкер
Жалпы аумағы 150 гектарды құрайтын кешендегі Тау шаңғы жолдарының ұзындығы 9 150, ал биіктігі 2 500 метр. Қазіргі таңда «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінен тау-шаңғы базасына дейін 8 шақырымға жуық автомобиль жолы салынған. Электр желісі мен жарықтандыру бағандары орнатылып, газ құбыры да тартылған. Ал демалыс орталығы ашылса жылына 45 000 адам қабылдай алады. Кешенге арнайы барған аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев аяқсыз қалған жобаны қолға алу керектігін айтып, алдағы уақытта бұл мәселені қарастыралатын болады деді.