BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МАЙДАН»

Таразда «Өзбекәлі және мәдени майдан» атты жаңа кітап оқырман қауымға таныстырылды. Туынды қазақ мәдениетін өрлеуі мен дамуына үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, ұлы этнограф Өзбекәлі Жәбековтың өмір мен қызмет жолы баяндалады. Ал кітаптың авторы жазушы Санжар Керімбаев.

Өзбекәлі Жәнібеков 1931жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Сарықамыс ауылында дүниеге келген. Қоғам қайраткері қазақ халқының ұлттық мәдениетін, дәстүрі мен әдет ғұрпын жаңғырту, дамыту жолында көп еңбек сіңірген. Оның «Қазақтың ұлттық қол өнері», «Жаңғырық», «Уақыт керуені», «Ежелгі Отырар», «Тағдыр тағылымы» секілді еңбектері бар.

– Өзбекәлі Жәнібековты барша қазақ елінің рухани жоқшысы идеологияның басты қаhарманы деп танимыз. Ол кісі Қазақстан көкпар комитетінің хатшысы болды. Ол деген қызмет Қазақстанның бүкіл идеологиясын мәдениетін, руханиятын басқаратын қызмет. Қазақтың ұлттық құндылықтарын шығуына соның дәріптеуіне бір біртіндеп сахнаға шығып қанат жаюына ерекше үлес қосты,-дейді Есет Досалы, «Ақ жол» газетінің тілшісі

Аталмыш кітаптың тұсаукесері Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау, Түркістан қалаларында өткен. Енді міне тараздық оқырмандарға ұсынылып, тұсаукесер рәсімі өтті.

Қазіргі таңда кітаптың 5 мың данасы шығарылған. Ал автор туынды жазып шығуға 11 айын жұмсаған. Мұнда Өзбекәлі Жәнібековтың айтылмаған сырлары, ашылмаған қырлары топтастырылған туынды жастарға мол ғибрат береді дейді Санжар Керімбай.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *