BASTY BETJAŃALYQTARSportTARAZ 24 ONLINE

БАЙЗАҚТА АЛА ДОП БӘСЕКЕСІ ӨТТІ

Байзақ ауданында шағын футболдан турнир өтті. «BAIZAQ CUP-2023» деп аталатын жарысқа әр ауданнан, топтық кезеңде үздік деп танылған екі команда және «Жасыл ел» жасағы мен аудандық пробация тізіміндегі жастардан құралған команда қатысқан.

Футбол турнирін аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і сондай-ақ аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығымен бірлесе ұйымдастырды. Еліміздің ән ұранымен басталған ала доп турнирінде, аймақтардар іріктелген 10 команда қатыстып бақ сынады. Бұл жарысты ұйымдастырудағы мақсат жастар арасындағы достықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және кеңінен насихаттау.

– Ауданымыздың пробатция бөлімінде тіркелген азаматтар өз белсенділіктерін жоғары дәрежеде көрсетіп, ойындарын көрсетіп қазір міне полуфиналдық ойындарға шықты. Айтар болсақ мынау енді ауданымыздағы бос жүрген жастарды, пробатция бөлімінде тіркеуде тұрған азамматтарды спортқа баулу мақсатында өткізіліп жатқан іс-шарамыз және де осы шараға ат салысқан байзақ ауданы әкімдігіне де үлкен алғысымызды білдіреміз,-дейді Дәурен Байутиев, Байзақ аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері

Айта кетейік жарыс қорытындысы бойынша «Бәйтерек» командасы бірінші орынға қол жеткізіп, «Көктал» командасы екінші сатыға тұрақтады. Ал, пробация тізіміндегі жастардан құралған команда жүлделі үшінші орынды иеленді. Үздік үштіктен көрінген командалар дәрежеге сәйкес Дипломдар мен медальдар сондай-ақ, Кубоктар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *