№6 ОРТА МЕКТЕПТЕ СПОРТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ
№6 орта мектепте оқушылар үшін жағымды жаңалық. Кеше балалар көптен күткен спорт залы пайдалануға берілді. Айта кету керек, бұл білім ордасы 1937 жылы ашылған.
Спорт залдың құрылыс өткен жылдың мамыр айында басталған. Жөндеу жұмыстарына 358 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалыпты. Мектеп барлық заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. Ал білім ордасының оқушылары өз қуаныштарын жасырмады. Себебі енді олар су жаңа залда спортпен шұғылдана алады.
– Біз бүгін қуаныштымыз өйткені бізде жаңадан спорт залы ашылды. Осы жаңадан спорт зал ашып берген ағаларымызға алғысым шексіз,-дейді Медина Мырзахмет, оқушы
Айта кету керек, бұл мектепте 24 ұлт өкілдерінің 1054 баласы білім алса, оларға 92 ұстаз сабақ береді. Ал білім ошағының оқушылары халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадаларға белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
– 87 жылдың ішінде мынандайкеремет зәулім ғимарат салу бізге бірінші рет мүмкіндік болып отыр. Мен ойлаймын спорт залдан кейін біздің оқушылардың денесі де керемет шынығады, дендері сау болады, керемет спорт тұрғысынан жетістіктерге жетеді. Әрине оқу тәрбие үдерістеріне де , өздерінің керемет жетістіктерін жүзеге асырады,-деп ойлаймын,-дейді Асима Турекулова, №6 орта мектебінің директоры
Мектеп басшысының айтуынша, спорт залдың ашылуы оқушылардың жаңа жетістіктерге жетуіне, салауатты өмір салтын ұстануына үлкен мотивация болды. Айта кетейік, жалпы Жамбыл облысында 2024-2027 жылдар 52 спорт кешеннің құрылысы жоспарланған.