BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

ЕСІРТКІ САҚТАҒАН

Жамбыл облысы Байзақ ауданында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 25 жастағы тұрғын ұсталған. Малшы болып жұмыс істейген азамат шаруа қожалығына жақын жерге ірі көлемде есірткі жасырған.

Аймақты тексеру барысында жалпы салмағы 2 келі 840 грамм пакеттерге салынған «кептірілген марихуана» бар жасырын орындар табылкған. Айта кетсек күдікті тыйым салынған заттарды өзі бір жыл бойы тұтыну үшін жинаған. Сараптама қорытындысы бойынша ер адам ұсталған сәтте есірткілік мас күйде болып шыққан. Малшы 200 жылқыдан тұратын табынға жауапты болған.

– Полиция қызметкерлері Байзақ ауданында есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстадық. Ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта есірткі құралдарын аса мөлшерде, заңсыз сақтау дерегі бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды,-дейді Құндыз Бөгенбаева, ЖО полиция департаментінің ресми өкілі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *