ЖАС САНИТАРЛАР ЖАСАҚТАЛДЫ
Тараз қалалық әскери госпиталінің дәрігерлері мен NIS мектебі педагогтарының тығыз ынтымақтастығы басталды. Яғни мектеп базасында “Жас санитар” атты әскери-патриоттық клубының құрылды. Мұнда болашақта медицина мамандығы таңдауға ниетті оқушылар әскери дәрігерлердің көмегімен үлкен тәжірибе алады дейді мамандар.
Қос тараптың арадағы кездесуі әзірге оқушылардың қатысуынсыз өтті. Өйткені жиында алдағы жұмыстар егжей-тегжейлі талқыланды. Тараз қалалық әскери госпиталі мен Назарбаев мектебі ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды. Енді әскери госпиталь дәрігерлері айына бір немесе екі рет оқушылармен алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабақтар өткізеді. Ал оқушылар ерекше қызығушылық танытып отыр.
Әскери госпиталь мен білім беру мекесі арасындағы келісім аясында алдағы уақытта семинар, конференциялар өткізу жоспарланып отыр. Балалармен теориялық сабақтарды мектептің штаттық дәрігерлері өткізсе, практикалық сабақтарды әскери дәрігерлер өткізеді. Қызмет саласының кеңеюі мектеп дәрігерлеріне өзін педагог ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.
Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою мен практикалық сабақтарды талқылау бірлескен жұмыстың бастамасы болды. Жіті даярлықпен ойластырылған сабақ жоспары оқушылар үшін қызықты әрі танымды болмақ. Тиісінше дәрігерлер де, мектеп мұғалімдеріне де үлкен тәжірибе алаңына айналады дейді мамандар.