BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

«АБЫЛАЙХАННЫҢ АҚЫРҒЫ КҮНДЕРІ»

Тараздықтар Т.Жаманқұловтың 75 жылдық мерейтойына “Абылайханның ақырғы күндері” атты қойылымды тамашалады. Ал көріністе Абылайханның рөлін халық әртісінің өзі сомдады.

Қойылымда Абылай ханның өмірінің соңғы үш күні баяндалады. Драмада тарихи тұлғаның арманын, еңбегінің жемісін, өкініш пен күйінішін, саяси жолын зерделеп, өз-өзіне есеп бергені сомалды. Оған қоса Абылай хан мен Бұқар жыраудың арасындағы байыпты диалогтар көрсетілді. Қойлымды тамашалаған қонақтар басты кейіпкердің рөлін сомдаған Тұңғышбай Жаманқұловтоң шеберлігіне тағы да тәнті болдық дейді.

– Жасап жатқан өнерлері бір төбедағы, мына Абылайхан деген ұлы түлғаны жасауы міне мынандай болды деп қара топырағына келіп көрсетуі бұл енді үлкен қуаныш. Менің жеткен өрем хан ретінде ойлауым, Абылайхан ретінде халқымды ойлауым мынандай дәрежеде туған халқым топырағым деп келіп жатырғой бұл үлкен мәптебе болып жатыр,-дейді Әбиірбек Тінәлі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Ортаға 25 жылға жуық уақыт салып қайта көрсетілеген қойылымды көруге қалың көрермен мен облыс әкімі және зиялы қауым өкілдері келді. Қойылымнан соң аймақ басшысы мерейтой иесі тұңғышбай жаманқұловты құттықтап,жылы лебізін білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *