ЖЕТПІСТЕГІ ҚАРИЯ 42 ШАҚЫРЫМДЫ БАҒЫНДЫРДЫ
Жамбылдық 70 жастағы желаяқ Жақсылық Мамырбекұлы 7 жыл аралығында 4 мемлекетте өткен жарыста қашықтықта жүгіруден шаң қаптырып, еліміздің 12 қаласында ізі қалған. Оның қатарластары ширақтығына таң қалса, әйгілі Марат Жыланбаевтың өзі жүгірісіне тамсанған.
Жамбылдық Жақсылық Мамырбекұлының жасы 70-ке жетсе де шау тартты деуге ауыз бармайды. екінші тынысы ашылған азамат, зейнетке шыққаннан кейін марафонға қатысуды қолға алған. Бүгінде мойыны медальға толы спортшы бір деммен 42 шақырымды жүгіріп өткен. барлық жарыстарда жасы үлкен өзі екенін айтқан спортшы спорт денсаулық кепілі дейді.
– Жүгіру жүз аурудың емі, марафон мың аурудың емі. Сондықтан жастар, жүгіріңдер, жатып алмаңдар. Салауатты өмір салтын ұстаныңдар. Болашақ сендердікі. Жаңа Қазақстанды құрамыз деп жатсыңдар, соған өз үлестеріңді қосуға шақырамын. Сол үшін таңертең ерте тұрып, салауатты өмір салтын ұстанып, өз үлестеріңді қосыңдар,-дейді Жақсылық Мамырбекұлы, марафоншы
Марафоншы бүгінге дейін 4 мемлекеттен жүлделі оралған. Демеуші табылса, шетелдегі жарыстардан қалмаймын дейді. Бүгінде Қазақсатнның 12 қаласында желаяқтар арасында жарысқа қатысыпты. Алдағы көктемде Грузияда марафонда бақ сынамақшы.