BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының офицерлері де жаңа жылды тойлады. Әскери қызметшілердің балаларына арналған жаңа жылдық кештер ұйымдастырылды. Гарнизонның барлық балақайлары мерекелік шыршаны тамашалады.

Әскери қызметкерлердің балалары жаңа жылдық кешке баруды және аяз атадан сыйлықтар алуды «әкесінің жұмысына» барумен байланыстырады. Себебі гарнизондық офицерлер үйі әскери бөлімнің аумағында орналасқан. Ал барлық балалар ата-анасының жұмысына барғанды жақсы көреді. Бірақ бұл жолы балалар қару-жарақ пен әскери техника көрмесін емес, жаңа жылдық қойылымды тамашалады. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығындағы қызметкерлер бүлдіршіндерге өздерінің өнерлерін көрсетті. Ал балақайлардың қуанышында шек болмады.

Балаларын ертеңгілікке апарған әскерилер жұмыстан босатылды. Бір күннің ішінде офицерлер мен келісім-шарттағы сарбаздар өздерінің әскери киімдерін ауыстырып, жай әкелер мен аналарға айналды. Тек түнгі жауынгерлік кезекшіліктен оралған әскери қызметшілер ғана формада қалды. Бірақ олардың балалары бұған аса мән бермеді: олар ата-аналарын әскери қызметкерлердің кейпінде көруге дағдыланған.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшылығы жауынгерлік дайындық барысын және жауынгерлік кезекшілік кестелерін жоспарлау кезінде ең бастысы балаларды ұмытпайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *