ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ
Жуалы ауданы Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында “Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі” тақырыбында ауқымды шара өтті. Тек нәзік жандылар жиналған жиында қазіргі заманғы қыздарды тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударылды, әрі әйелдің қоғамдағы және ұлтты қалыптастырудағы рөлі талқыланды.
Басқосуға дәрігерлер, аналар, психолог мамандар арнайы шақырылды. Олар қыздардың отбасылық өмірде қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін айтып, өз денсаулығы туралы терең ойлауға шақырды.
Іс-шара соңында халықтық әдет- ғұрыптар мен салт-дәстүрлер қазақ отбасындағы қыздарды тәрбиелеудің негізі болып табылатынын атап өтіп, бүгінгі қыз ертеңгі ана екенін есте сақтауды керегін қадап айтты. Отбасында қыздарды жақсы тәрбиелеу болашақ ұрпақтың дамуының негізі болып табылады. Бұл жайт қоғамдағы ең маңызды мәселе болуы керек.
Айта кетейік, кездесу «Отбасы институтын нығайту және гендерлік мәдениетті дамыту мен отбасылық зорлық-зомбылық профилактикасына бағытталған іс-шаралар» жобасы аясында Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша “Елу жылда ел жаңа” ҮЕҰ ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай маңызы бар шаралар дәстүрге айналатынын жеткізді.