BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Таразда зейнеткерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығына келушілердің қатары артуда. Ашылғанына 1 айдан асқан мекемеге күніне 90 нан аса азамат арнайы келеді-, дейді мамандар. Жаңа жыл қарсаңында орталық қызметкерлері келушілерге мерекелік кешті назарларына ұсынды.

Жаңа жылдық іс-шарада апалардан құралған «Диско» би тобы өнер көрсетті. Ал «Ғибрат» хоры қонақтарға танымал әндерді орындап берді. Зейнеткерлермен бірге орталық қызметкерлері де флешмоб билеп, қонақтардың қошеметіне бөленді. Айта кету керек, ашылғанына бір ай болған мекемеге келушілер басым бөлігі 60-тан асқан қала тұрғындары. Олар алғаш рет бүгін өз өнерлерін көрсетіп отыр. Десе де зейнеткерлер өте белсенді дейді-, орталық қызметкерлері.

– Ашылудан кейінгі 2-ші осы іс шара болып жатыр. Бүткіл жаңа жылды қарсы алып, өзіміздің көңілімізді көтеріп, өнерімізді ортаға салып. Шамалы басымыз қосылып келісіп жасап жатқан жағдайымыз жақсы болып жатыр. Халықтың барлығы өте қуанышты, бақытты,-дейді Баян Көшірбаева, «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қызметкері

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *