АНАЛАР АЛҚА ТАҚТЫ
Таразда 90-ға жуық ана «Алтын» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталды. Алтын құрсақты көпбалалы нәзік жандыларды қала басшысы Бақытжан Орынбеков қабылдады.
Демографияның дамуына үлес қосып жүрген аналарға осылайша сый-құрмет көрсетілді. Әр салада еңбек ететін нәзік жандылар өз ризашылықтарын да жеткізді. Айта кету керек, 2010 жылдан бері 2753 көпбалалы ана «Алтын алқа алса, 2516-сы «Күміс алқа иегері атанған. Мереке қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен бүгін тағы да 27 азамат «Алтын», 60 -ы «Күміс төсбелгілері тағылды.