BASTY BETJAŃALYQTARSportTARAZ 24 ONLINE

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ

Бүгін Таразда Тәуелсіздік күніне орай «Кәсіподақ барысы – 2023» облыстық турнирі өтті. Аталмыш жарыста облыстың білім және ғылым қызметкерлері «жергілікті кәсіподақ» жүлдесі үшін қазақ күресінен сынға түсті.

Жарыста Тараз қаласы мен аудандарда іріктеу кезеңдерінен өтіп, бүгінгі «Кәсіподақ барысы – 2023» облыстық финалына жолдама алған палуандар бақтарын сынады. Ұлттық құндылықтарды дамыту мақсатында өткен турнирге 40-қа жуық палуан қатысты.

Біріккен кәсіподақ ұйымынан сынға түсіп отырмыз. Педогогика арасында жарыс өтіп жатыр. Кәсіподақ барысы деген тақырыпта бірінші рет өтуде. Барлық спортшыларға сәттілік тілеймін. Осындай жарыстар көп болса, ұлттық ойынымыз қазақ күресі дами берсе, келешек ұрпаққа тәрбие беретіндей осындай жарыстар көп болса екен деп ойлаймын,-дейді Бекбол Сұранышұлы, қатысушы

Палуандар белдесуі тартысты өтті. Қазақ күресін дамытуға атсалысқан азаматтар жарысқа жақсы дайындықпен келген. Ал турнир соңында қатысушылар арнайы жүлделермен, алғыс хаттармен марапатталды. жеңімпаз «Кәсіподақ барысы – 2023» белбеуі мен қаржылай сыйақыға ие болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *