«МӘДЕНИЕТ-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ»
Биыл Жуалы ауданының құрылғанына 95 жыл болды. Осыған орай ауданда «МӘДЕНИЕТ-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ» атты ауқымды іс шара ұйымдастырылды. Меркелік кешке Жуалыдан шыққан кіл мықталар, зиялы қауым өкілдері, халық қалаулылары құрметті қонақ ретінде шақырылды. Көршілік бірінші Б. Момышұлы бюстіне гүл шоқтарын қойып, өткенге тағзым етті.
«Дәстүрім –асыл қазынам» атты этно көрмесі аясында ауылшаруашылығының өнімдері көрсетілді. Қазақтың дастарханы бауырсақ, құрт,шұбат,қазы қарта қойылып,халыққа ұсынылды. Сонымен қатар ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындар қыз қуу,қазақ күресі, тоғыз құмалақ және асық секілді ойындар ойнатылды. Ұлттық дәстүрлер жаңғырды. Ши тоқу,киіз басу, текемет жасау секілді ұлттық дәстүрлерді халыққа паш етті.
Бүгін күрделі жөндеуден өткен Жылыбұлақ ауылдық клубы мен Рысбек Батыр ауылдық кітапханасында «Coworking»залы мен цифрландырылған орталық пайдалануға беріліп отыр. Аудан әкімінің айтуынша өлкетану музейіне 3750 экспонатпен толықты деп тілге тиек етті.
– Ауданның даму жоспары аясында 2021 жылы 180 орындық Нұрлыкент ауылдық мәдениет үйі бой көтерсе, жыл соңына дейін Б.Момышұлы ауылындағы мәдениет үйіне жапсарлас құрылысы, Қайрат ауылында 149 орындық мәдениет үйі қолданысқа беріледі деп күтілуде, Көлбастау ауылында 149 орындық мәдениет үйі құрылысы биыл басталып, 2024 жылы пайдалануға берілмек,- дейді Жалғас Мұртаза, Жуалы ауданының әкімі
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Аудан мерейтойы алдағы уақытта да жалғаспақ.