ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ГАЗ ҚАЙТА ҚОСЫЛДЫ
Кеше түн ортасында Жамбыл ауданында 1000-ға жуық отбасы жылусыз қалды. Өйткені ауа райының күрт салқындауынан Гродекова ауылында магистральды газ құбыры қысымға шыдамай жарылып кеткен. Зардап шеккен 5 елдімекенге бүгін көгілдір отын берілді.
Жамбыл ауданында түн ортасында магистральды газ құбыры жарылып Қызылқайнар, Жасөркен, Жалпақтөбе, Қызылдихан, Гродеково ауылдарының тұрғындары жылусыз қалды. Оған қоса осы елді мекендердегі 8 әлеуметтік нысан да жылудан ажырады. Ал апат Гродеково ауылында шамамен 10 дарда орын алған.
– Ағымдағы жылы 12 желтоқсанда сағат 21 шамасында ауа температурасы күрт төмендеуіне байланыст Жамбыл ауданындағы Гродекова ауылындағы орташа қысымды газ құбырында үзілу орын алды,-дейді Дамир Тұңғатов, ЖО энергетика және түкш басқармасы басшысының уақытша м.а
Апатқа байланысты аймақта арнайы штаб құрылды. Ал аймақ басшысы апат болған ауылға барып дәрігерлік амбулатория, мектеп және балабақшаны аралап көрді. Ауылдағы 8 әлеуметтік нысан уақытша баламалы отын – жанар-жағармаймен жылытылды.
– Бізде штаб құрылып мына жаққа орынбасарым келді. Біз бақылауда ұстап оттық бақылауды. Қазір 980 абонент негізі үзіліп. Соның ішінде 8 әлеуметтік нысан бар,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі
20 метрге созылған магистральды газ құбырын мамандар 10 жерден жалғаған. Қазіргі уақытта жұмыстар толық аяқталып, 5 елді мекендегі 980 үй мен әлеуметтік нысандарға көгілдір отынға қайта қосылды.