ЖАМБЫЛ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ
Биыл жыр алыбының туғанына 179 жыл. Тараздықтар қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды,-деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агентігі.
Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанында Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Оның ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға бөлеп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Бүгін жамбылдықтар ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, еске алды.
Жамбыл менің жай атым Халық менің шын атым деп айтқан осы жалынды сөздері жүрегімізде жастайымыздан оқып үйреніп елге паш етіп келдік ал енді мінекей бұл атамыздың есімі мәңгілік есімізде қалады ұрпақтан ұрпаққа бұл кісінің айтқан сөздерін насихаттауымыз керек, – дейді Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев
Айта кетейік, жыр алыбы 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақстанның онкүндігінің шымылдығын ашқан. Жамбыл атамыз сол жылы Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталады. Жыршының шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып, дүние жүзіне тараған. Көзінің тірісінде КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған. Ақынның “Өтеген батыр”, “Сұраншы батыр”, “Көрұғлы”, “Бақ, дәулет, ақыл” деген дастандары бар.