JAŃALYQTAR

ҚХА: ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ

Мемлекет басшысы Парламент палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында “Әділетті Қазақстан” құрылғанын мәлімдеген еді. Жолдау жүктеген тапсырмалар негізінде облыста қандай жұмыстар жүргізілуде? Ағымдағы жылға нендей жоспарлар бар?

ҚХА-ның басты міндеті мемлекеттегі ұлттық саясатты іске асыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету. Сондай-ақ, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.

Абдурахман ЗАЙНУТДИНОВ  «ӨЗБЕК» ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ  ТӨРАҒАСЫ

Өңірлік ассамблея қызметінің маңызды бағыттарының бірі – қайырымдылық. Биыл облыстың аса мұқтаж тұрғындарына жалпы сомасы 78 млн.теңгеден астам көмек көрсетілді. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді, оның ішіндегі 23-і облыстық ауқымдағы бірлестік. 

Жамбыл облысында 177 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Жалпы, жыл басынан этносаралық келісімді нығайту үшін 800-ден астам іс-шара ұйымдастырылған.

Рахат ЕРХАНҰЛЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ

Айта кетейік, Нұржан Нұржігітов өңірлік ҚХА-ның 15 сессиясында индустрияландыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, білім мен ғылымға, мәдениет пен спортқа тиісті көңіл бөлуді тапсырды.Бүгінде Ассамблея құрамындағы этномәдени орталықтар Жолдау міндеттемелерімен қатар аталған тапсырма мен қатар облыстағы іргелі және де қайырымды істердің басы қасында жүр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *