ШУ АУДАНЫНДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Қазір қоғамда туа бітті ақаумен, ел естімеген диагноздар мен балалар өмірге келуде. Ал солардың кейбірі ыңғайлы орта, жан—жақты жағдай жасалса, айығып кетулеріне мүмкіндік көп. Осы орайда “Қамқорлық” қорының қолдауымен Шу аудандық орталық ауруханасында оңалту орталығы ашылды. Айтулы шараға Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, “Қамқорлық” қорының директоры Арайлым Еркінова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова және ардагерлер қатысты.
Шу ауданындағы “Қамқорлық” ерте араласу орталығы 48 орынға шақталған. Яғни 30 күн бойы 18 тәулік балаларды емдеуге және оңалтуға арналған. Орталық заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. жаттығу залы, тұзбен емдеу аппараттары, логопед, дефектолог, психолог мамандарына арналған бөлмелер орналасқан. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров тәжірбиелі мамандардың арқасында оң нәтижеге жетеміз дейді.
– Сәбиге дер кезінде медициналық көмек көрсету оның болашағымен ата-ана үшін өте маңызды. Тәжірбиелі мамандардың көмегі арқылы уақытылы ем алу оң нәтижесін беретіні сөзсіз. Сондай ақ орталықта арнайы педагогикалық оның ішінде дефектолог, логопед, эргатерапевт мамандарында атқаратын қызметі орасан зор. Еліміздің ертені жастар екені белгілі Сондықтан орталық мамандары әр бір нәресте мен жеке айналысып қоғамға бейімдеу бағытында шынайлық пен жанашылдықтың үлгісін көрсетеді деген сенімдеміз,-дейді Нұржан Календеров, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары
Мамандар әр баланың қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, әдіскерлер әзірлеген жеке бағдарлама бойынша көмек көрсетеді. Ерекше балалармен жұмыс істейтін Эльмира Асылқанқызы емдеуде заманауи тәсілдерді қолданып жүр.
– Бізде балаларға заманауи тәсілмен қолданылатын интерактивный сенсорлық мониторинг бар. Ол бізге балаларға, ерекше балаларға жазалмайтын, өз еркімен сөйлей алмайтын балаларға өте қолайлы. Өз ойын жеткізеді және ол жерден әр түрлі даму қабілеттері өй өрісі дамиды, қоршаған ортаға бейімделеді,-дейді Эльмира Асылқанқызы, дефектолог