BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ТАЛАСТА ТАҒЫ БІР ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

«Асарлатып үй салу» жобасы жалғасын тауып жатыр. Игі бастама аясында Талас ауданы, Ойық ауылында тағы бір отбасы қоныс тойы тойлады. Айта кету керек биыл ауданда жоба бойынша 6 отбасыға баспана кілті табысталған.

Жамбыл облысында бастау алған әлеуметтік жоба көптеген мұқтаж отбасылардың баспаналы болуына септігін тигізді .жалпы «Асар – ауыз біршілікті нығайтып, халықтың басын қосатын, ежелден келе жатқан ігілікті іс. Айталық бірлікпен жасалған еңбектің арқасында Ойық ауылында ЖолдыбЕКОВТАР отбасының баспанасы күрделі жөндеуден өткен. Жақынына жанашырлықпен қараған қазақ халқы ынтымағы мен ырысын тағя да көрсетті», – деді аудан басшысы Нұрбол Жүнісбеков. ол үй иесін құттықтап,

– Облысымызда «Асарлатып үй салу» жобасы ашылған болатын. Сол жобаның арқасында 9 үй беру жоспарланып отыр. Мынау біздегі 6-шы үй беріліп отқан. Асарлатып үй салуға ат салысқан азаматтарға үлкен алғысымды білдіремін,-дейді Нұрбол Жүнісбеков, Талас ауданының әкімі

Жалпы “Асарлатып үй салу” жобасы аясында ауданда былтыр 9 үй салынған. Ал биыл тағы 9 баспананы тұрғызу жоспарланған. Қазірге дейін 6 үйдің құрылысы аяқталып отыр. Ал қалғаны жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

– «Асарлатып үй салу» жобасымен бүгін үйімнің құрылысы бітіп отыр. Тұсауын кестік. Аудан басшыларына және көмектесіп, атсалысқан адамдарға, бәріне рахметімді айтамын,-дейді Жанна Жолдыбекова, ауыл тұрғыны

Айта кетейік, «Асарлатып үй салу» жобасының басты мақсаты – ауыл жұртшылығын бірлікке жұмылдырып, сол арқылы жас ұрпаққа өнеге көрсету. әлеуметтік осал топтағы, көп балалы отбасылар мен мұқтаж жандарды баспанамен қамту.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *