ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ЭЛЕКТРОМОБИЛЬ ТАБЫСТАЛДЫ
Жамбылда Жол патрульдік полициясы қызметкерлеріне 47 жаңа автокөлік берілді. Салтанатты шараға ЖО Полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзин, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты. Заңсыздық пен құқықбұзушылықтың болмауын қадағалауды басты борыш еткен тәртіп сақшыларына аймақ басшысы алғысын білдіріп , жаңа қызметтік көліктердің кілтін табыстады.
– Ағымдағы жылы полиция департаментінің техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен 4,4 млрд теңге бөлінген. Ол жұмыс келесі жылыда жалғасатын болады. Оның 879 млн теңгесі автокөлік сатып алуға жұмсалды,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі
Облыс әкімдiгiнiң қолдауымен Жамбыл облысы Полиция департаменті 47 дана жаңа көлікпен толықты. Айта кетейік Өңірлiк полиция қызметі жыл басынан бері 59 авокөлікпен қамтамасыз етілген. Оның ішінде, республика бойынша бірінші болып қазіргі заман талаптарына сай, қоршаған ортаға залалсыз, отандық өндiрiсте жасалған 25 дана электромобиль алынған. Мамандар сөзінше бұл өте тиімді.
– Кәдімгі автокөліктереден қарағанда 2,5 есе үнемді. Біз оны санап көрдік. Бензинмен жүретін көліктермен осы электромобильдердің содержаниясына тиімді болып саналып жатыр. Зауыт бергені 400 км 100 пайызбен 400 км жүреді,-дейді Бауыржан Үдергенов, ЖО полиция департаменті басшысының орынбасары
Тәртіп сақшыларына берілген темір тұлпарлар тұтастай заманауи құралдармен жабдықталған. Дыбыс күшейткіш қондырғысы мен рациясы бар. GPS жүйесі арқылы көліктердің қай бағытта жүргені орталықтан бақыланады.