Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз!
BASTY BETBILİKJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ТОҚАЕВ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ КҮШІНЕ ЕНУІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты қазақстандықтарды тарихи оқиғамен құттықтады, — деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы.

Мемлекет басшысы бұл күн егемен Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңнің басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, ел саяси және экономикалық реформалар, ауқымды жаңғырту бағытында жаңа даму жолына қадам басып отыр.

Президент жаңа Конституцияның күшіне енуі мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға, негізгі институттарды жетілдіруге және азаматтық қоғамды дамытуға жол ашатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда халық елдің алдағы онжылдықтардағы даму бағытын айқындайтын маңызды шешім қабылдағанын атап өтті. Бұл таңдау азаматтардың ел болашағына деген жауапкершілігі мен отансүйгіштігінің көрінісі екенін айтты.

Мемлекет басшысы Конституция күнінің енді «Наурызнама» онкүндігінің басталуымен қатар келуінің ерекше мәні бар екенін жеткізді. Оның сөзінше, бұл дата көктемгі жаңарудың дәстүрлерін жаңа Ата заңның негізгі қағидаттарымен — бірлік, білімге ұмтылу және ел игілігі жолындағы адал еңбек құндылықтарымен байланыстырады.

Президент жаңа Конституция негізінде Қазақстан алға қойған мақсаттарына жетіп, қоғамда заң мен тәртіп, еңбекқорлық, даму және тазалық қағидаларын нығайтатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың бірлігі мен ортақ жауапкершілігі елдің одан әрі өркендеуіне негіз болатынын айтып, әділетті Қазақстан құру жолындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *