ТАРАЗДА «ҚАМҚОРЛЫҚ» ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
3 желтоқсан – Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандардың күні. Айтулы датаға орай Таразда ерте араласу және аутизм мен басқа ақыл ой кемістігі бар балаларға арналған орталық ашылды. Салтанатты рәсімге өңір басшысы Ербол Қарашөкеев қатысты.
“Қамқорлық” ерте араласу орталығы 0-ден 3 жасқадейінгі, 30 төсектік балаларды емдеуге және оңалтуға арналған. Жыл сайын тәулік бойы тегін негізде 600-650 бала, амбулаториялық негізде 700 балаға дейін оңалту жүргізіледі деп жоспарлануда.Орталықта 6 дәрігер Орталық әлеуметтік-медициналық көмек көрсетеді. Атап айтсақ қиын-кәсіптік терапия, физиотерапия, электрменемдеу, консультациялық көмек және тағы басқалар.
– Облыста үш жасқа дейінгі 96 953 бала бар. Оның 970-і диспансерлік есепте. Бұл орталық балалардың мүгедектік деңгейін төмендетуге арналған. Орталықта барлық жағдайлар жасалған: жөндеу жұмыстары жүргізілді, диагностикалық және оңалту жабдықтары орнатылды, мамандардың көпсалалы тобы оқытылуда. Жамбылдықтарды тамаша оқиғамен құттықтаймын,-дейді Ербол Қарашөкеев, жамбыл облысының әкімі
Бұдан әрі 110 орындық “Қамқорлық” аутизмі бар балаларға арналған орталықтың ашылуы өтті. Мамандар сөзінше орталық АҚШ-тың аутизм спектрінің бұзылуымен жұмыс істеудің тиімді әдістерін қамтитын арнайы әзірленген тұжырымдама аясында құрылған. Мамандар әр баланың қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, әдіскерлер әзірлеген жеке бағдарлама бойынша көмек көрсетеді.
– Облыста ерекше қажеттіліктері бар 45 мыңнан астам адам бар. Оларды қолдауға ағымдағы жылы 3,5 млрд. теңге бөлінді. Құрметті жерлестер, сіздерді орталықтың ашылуымен құттықтаймын,-дейді Ербол Қарашөкеев, жамбыл облысының әкімі