BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ИГІ АНА – ІЗГІ ҚОҒАМ

Тараз қаласында «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы аясындағы «Игі ана-ізгі қоғам» атты өңірлік аналар кеңесінің слеті өтті.Шараға Жамбыл облысының аналар кеңесінің төрайымдары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің мүшесі қатысты.

Салтанатты шара түрлі этнос өкілдерінің қойылымдарымен басталды. Нақты айтсақ қазақ, орыс, түрік,өзбек, көрей ұлтының салт-дәстүрлері көрсетілді. Ары қарай келген қонақтар облыстық қазақ драма театрының қойылымдары мен кішкентай бүлдіршіндердің билерін тамашалады. Айта кету керек биыл аналар кеңесінің құрылғанына 10 жыл толып отыр. Бүгінгі күні Жамбыл облысында 36 аналар кеңесі жұмыс істейді.

– Біз ана, біз ұрпақ үшін ең бірінші жан ұшыратын біз. Біз сол ұрпағымыздың тек қана білікті маман, оқымысты болып қана емес, бақытты болу үшін өмірге, бақытты ана, бақытты әке болу үшін не істеуіміз керек. Әрине біздің қоғамыздың жүрегі жібу керек, қоғамызда қылмыс деген болмау керек, қатыгездік деген болмау керек. Сол үшін барын салып аналар жұмыс істейді,-дейді Камал Әлпейісова, Қазақстан халқы ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің мүшесі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *