МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ FIFA ПРЕЗИДЕНТІН ҚАБЫЛДАДЫ
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантиномен кездесу өткізді, деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық агенттігі akorda.kz сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы балалар футболын дамыту мен заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған FIFA Arena бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны үшін Федерацияға ризашылығын білдірді.
Президент Қазақстанның FIFA-мен ынтымақтаса отырып, аймақта футболды қарқынды дамытқан елге айналатынына сенім білдірді.
Өз кезегінде Джанни Инфантино Қасым-Жомарт Тоқаевқа футболға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, Федерацияның ұлттық футбол деңгейін көтеруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.