BASTY BETJAŃALYQTAR

СТУДЕНТТЕР МАРАФОНЫ

Жаз бойы жүгіріп, оқуға құжат жинаған кешегі түлек-бүгін студент. Алғаш оқу ордасының табалдырығын аттаған жандар үшін маңызды күн студенттік билет табыстау десек артық айтқандық емес. Білімгер аталмыш рәсімнен соң ерекше сезімге бөленіп, жаңа өмір баспалдағын аттағанын шын сезінеді. Екінші тұсы бұл жастарға студенттік өмірдің барлық жағдайларына арналған парақтарды салтанатты түрде тапсыру және студенттік жатақханалардың коменданттық нормаларымен танысу. Тіпті осы шақтағы кештердің ұлы рәсіміне кіріспе десек артық айтқандық емес. Қалай болғанда да, бірінші курс студенттеріне арналған кеш студенттік өмірдегі ең ұмытылмас оқиғалардың бірі және оны дұрыс атап өту керек.

Бұл күнді оқу орындары да ерекше атап өтуге тырысады. Барлық бірінші курс студенттері басынан өткеретін дәстүрге айналған шараны Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжі де атап өтті. Салтанатты қабылдау кешті Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігі қызықты ете түсті. Іс-шара аясында «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылыққа жол жоқ» марафоны өтіп, студенттер мамандықтарының ерекшеліктерін атап өтіп, сол саланы неліктен таңдағандықтарын жеткізді.

Әуелі колледж директоры Саясат Керімбекұлы алғаш қадам басқан білімгерлерге өзінің жылы лебізін білдірді. Артынан 2023-2024 оқу жылында «Колледж президенті» статусы кімге бұйырғанын жұрт алдында жариялады.
Салтанатты жиын барысында коледждің алға қойған миссиялары және күні бүгінге дейін жеткен жетістіктері жайы да сөз етілді. Бүгінде қазыналы білім ордасы заман талабына сай кадрлар даярлауда. Әрі сапалы жұмыс күшін көрсетіп келеді. Бастысы еліміздің кадр тапшылығын білікті мамандармен толықтыру мақсатында белсенді жұмыстар атқарылуда.

Шара барысында жасөспірімдер толыққанды ересек адам болу құқығын ұғынғандай. Директордың, оқытушылар мен аға студенттердің жалынды сөздері, достық пен студенттік бауырластық туралы әңгімесі және шақырылған қонақтардың оқу орнының ерекшеліктері жайлы сөздері оларды шабыттандырғандай.

Жалынды жастар алдағы уақытта түрлі бағытта мамандықтарын жетік меңгеріп, ел игілігіне еңбек етпек. Аталған іс-шара әр саланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды жаман әдеттерден аулақ жүриуге насихаттау, білім көкжиектерін кеңейтуге бағытталған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *