BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

БҰҰ БАС ХАТШЫСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ ТАРАЗҒА КЕЛДІ

Таразға Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг келді. Дулати университетіне ат басын бұрған БҰҰ бас хатшысының климаттың өзгеруі жөнінде кеңесшісін студенттер ерекше қарсы алды.

Келген қонақты БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ мұражаймен таныстырып, тарихи бұйымдар мен архиологиялық заттарды көрсетті. Құнды жәдігерлермен танысқан Рае Квон Чунг Дулати университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен “Қазфосфат” ЖШС-нің өкілдерімен кездесті. Жиын барысында ол экология үшін алаңдайтынын жеткізді.

– Сіздер білетіндей қазір дүние жүзі экологиялық проблеманы бастан кешіруде.Оның ішінде климаттың өзгеруі соның ішіне кіреді. Бұл өзгеріс жақсы жаққа емес өте жаман жағына бара жатыр,-дейді Рае Квон Чунг

Рае Квон Чунг Жиынға қатысушылармен климаттың өзгеруі және аймақтағы су және экологиялық проблемаларды шешу бойынша бірлескен ынтымақтастық және білім беру, зерттеу бағдарламаларын құру туралы талқылады. Нобель сыйлығының лауреаты бұл мәселеде бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *