300 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ АШЫЛДЫ
Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылында №6 мектеп гимназиясы ашылды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі қатысып, білім ордасына интерактивті панель сыйға тартты.
Сыйымдылығы 300 оқушыны құрайтын білім ошағына бүгіннің өзінде 107 білімгер қабылданған. Білім беру мекемесінде мектеп әкімшілігін қосқанда 25 қызметкер бар. Ауданның 85 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келген жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздар қауымын құттықтады.
– Білім адам мен өркениетті жалғайтын алтын көпір. Сол сапалы білімді жалғайтын жас ұрпақ- ертеңгі мемелекет тұтқасын ұстайтын азамат. Қымбатты оқушылар сіздердің алаңсыз біліммен тәрбие алуларыңыз үшін осындай қолдаулар мемлекет тарапынан жалғаса береді. Сіздер соған лайықты болып өседі деген сеніміз мол,-дейді Ербол Қарашөкеев жамбыл облысының әкімі
1,5 млрд тан аса қаражатқа соғылған ғимарат құрылысы 1,5 жылда аяқталған. Айта кетейік бүгінде облыста білім нысанына қатысты мәселелер рет ретімен шешімі тауып келеді. Ағымдағы жылы білім беру жүйесіне 284,8 млрд теңге қаржы бөлініп өткен жылмен салыстырығанда 18 пайызға артқан. Ал өз сөзінде аймақ басшысы биыл 25 білім нысанының құрылысы жүріп жатқанын тілге тиек етті. Жыл соңына дейін 9 мектеппен 5 мектептің жапсарлас бөлігі пайдалануға берімек.