BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

БОЛАШАҚ ӘСКЕРИ БАЙЛАНЫСШЫЛАР БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРІП ЖАТЫР

Биыл, соңғы он жылда алғаш рет «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының байланыс полкіне мерзімді қызметтергі сарбаздар келді. Бұл әскери бөлімде осы уақытқа дейін тек офицерлер мен келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін сарбаздар ғана шақыртылатын. Байланыс қызметін меңгеріп жатқан жауынгерлер алдағы уақытта мамандығы бойынша білімдерін шыңдаймақ.

Әскери қызмет әркез өзгерістер мен тосын жағдайларға толы болады. Әсіресе әртүрлі оқиғалар үшін бірнеше нұсқа кез-келген уақытқа дайын тұрады. Мәселен, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы басшылығының шешімімен әскерге күзде келген жас сарбаздар байланыс бөліміне шақыртылып отыр. Мамандар сөзінше аз уақыттың ішінде қызметтік кеңселер казармаға айналған. Мұнда арнайы төсек-орындар мен төсек жабдықтары әкелінген. Қазіргі таңжда жауынгерлер жарғылар мен әскери қызмет туралы заңдарды, қару-жарақ пен әскери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамаларын бойынша дәріс алып жатыр. Болашақ әскери байланыс қызметкерлері білімдерін жетілдіріп, Морзе әліппесін меңгере бастапты.

Жас сарбаздар өз мамандықтарын меңгеруден бөлек саптық, физикалық және полигонда атыс жаттығуларынан да дәріс алуда. Мұның барлығы тәжірибелі командирлер мен сержанттар қадағалауымен өтіп жатыр. Мамандардың айтуынша, жауынгерлердің сабақтары байланыс бөлімінде әскери ант қабылдаумен тәмәмдалады. Қазіргі таңда дайныдық жұмыстары басталған.Салтанатты рәсімге қатысу үшін сарбаздардың туыстары Таразға келеді. Сондықтан олар маңызды күнге ерекше дайындық үстінде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *