«ALAYAQ.NET» ЖАҢА ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Мамыр айынан бастап елімізде «ALAYAQ.NET» жаңа порталы жұмысын бастаған болатын. Таразда өткізілген онлайн конференцияда жоба Қазақстандағы ең үздік 35 университ пен онда білім алатын 20 мыңнан астам студентке таныстырылды. Шараға 10 миллионнан астам аудиториясы бар блогерлерде қатысты, – деп хабарлайды «Taraz24newskz» ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Жолдауында алаяқтық пен қаржы пирамидаларына, әсіресе, интернет-алаяқтыққа қарсы күрес ашу жөнінде құқық қорғау органдарының алдына нақты міндеттер қойды. Расында, қазір «технология ғасыры» десек те, соның жетістіктерін жетік меңгеріп алған арамзалар халықты сан соқтыруда. Қоғамда белең алған мұндай келеңсіздікті құрықтау тәртіп сақшыларынан үлкен күш-жігерді талап етіп отыр.
«Алаяқ нет» қаржы пирамидаларын қалай анықтауға болатынын, әлеуметтік желілерде заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында іске қосылаған алғашқы портал. Ол арқылы азаматтар интернеттегі алаяқтық фактілері туралы хабарлай алады. Сондай-ақ республикалық жастар қозғалысының мүшесі атанып, әккіи қылмыскерлермен күресте өз үлестерін қоса алады,- дейді ұйымдастырушылар.
- Іс-шараға біздің мемлекетіміздің бірінші тұлғалары жұмылдырылды, олар ҚР Үкіметінің 6 министрі, Парламент депутаттары, белгілі медиа тұлғалар, сондай-ақ тиісінше түрлі интернет арналар мен мессенджерлерді жасаушы басшылар. Негізгі мақсат – еліміздің жастары болашақта алаяқтардың қолына түспеуі үшін жағдай жасау, – дейді Жамбыл облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Жағыпар Исатаев
Аталған сайтта онлайн дүкендердің қитұрқылығы, түрлі блогерлердің «пайдалы» курстары секілді әлеуметтік желілердегі алаяқтықтың түрлі схемалары нақты көрсетіліп, көпшілікті алданудың алдын алуға әрі қаржылық сауатын арттыруға шақырады. Айта кету керек, жобаны ұйымдастырушылар барлық өтінімдер бойынша тегін кеңес беріп, көмек көрсетеді. Дерек туралы ақпарат әлеуметтік желілердегі Alayaq.net парақшалары арқылы қабылданады. Қазірдің өзінде мыңнан астам өтінім келіп түскен. Ал бүгінге онлайн конференцияға қатысқан жоо студенттермен басқа да тіркелген қатысушылар қысқаша білім сынағынан өтіп, арнайы сертификатқа ие болды. М.Х.Дулати атындағы