BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ТӨЛ ТЕҢГЕГЕ – 30 ЖЫЛ

Биыл елімізде ұлттық валютамыз теңгеге – 30 жыл толып отыр. Осыған орай шаhарда монеталардың көрмесі өтті. Еске сала кетсек, 15-қараша елімізде Ұлттық валюта күні.

Ұлттық валютаның айналымға түскеніне биыл 30 жыл. Осы уақыт аралығында теңге өзінің кескін келбетін өзгертіп, құны да сан рет құбылған болатын. Мерейтойға орайластырылған көрмеде көрермен назарына Түргеш тиындары, Қараханид дирхемдері, Бұқара тиындары қойылған. Бұл көпшіліктің көңілінен шықты. Мереке қарсаңындағы көрме салтанатты жиынға ұласты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров осы салада жұмыс істеп жүрген азаматтарға жылы лебізін білдірді.

– Қаржы саласының ардагерлері, қаржыгерлер баршаңызды ұлттық валюта күнімен және қаржыгер күні кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Өңіріміздің қаржылық нығайту жолындағы істеріңіз берекелді болсын Сіздерге денсаулық, тбасыларыңызға амандық тілейміз,-дейді Нұржан Календеров, облыс әкімінің бірінші орынбасары

Банк саласы қызметкерлерінің құрметіне арналған жиында 11 азамат «Құрмет грамотасмен» марапаталып, 30-дан аса азаматқа облыс әкімінің «Алғыс хаты» табысталды. Олардың қатарында – Гүлмира Оразбаева да бар. Ол банк саласында 38 жыл қызмет еткен.

– Керемет біздің мемлекетіміз дамып жатыр, теңгеміз устойчива болып қала берсін құдай қаласа. Бұдан ары қарай менің ойым экономикамыз дамитын, барлық предпасылкамыз бар. Құтты болсын бәрімізге теңгенің 30 жылдығы,-дейді Гүлмира Оразбаева банк саласының ардагері

Салтанатты жиын Жамбыл облыстық филармониясы әншілерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *