BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

«BEGINIT BY INDRIVE» БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Таразда ауыл мектептерінің оқушыларына арналған «Beginit by inDrive» бағдарламасы таныстырылды. Аталған жоба әр өңір жастарына әлеуметтік көшбасшылық бойынша курстан өтуге, сондай-ақ Алматыда ашылатын инновациялық университеттің грант иегері атануына мүмкіндік береді.

Биыл Beginit жобасы 6 аймақты аралауда. 300 оқушы іріктеліп, онлайн курстан өтеді. Оқуды аяқтаған соң 60 оқушыға Алматыдағы лагерьге жолдама берілмек. Тау-бөктеріндегі демалыста түрлі конкурс, челлендждер арқылы бақтарын сынайды.

– Жалпы біз Республика бойынша көбінде 600 адам қамтуды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 300 адам екінші кезеңге өтеді. Кейстерді қарастыратын бірінші бөлімнен басқа, біз балалармен әлеуметтік көшбасшылықтың не екенін талқылайтын боламыз. Сондай-ақ іріктеу кезеңінің екінші бөлімі болады. Онда тапсырмалар орындалады. Психологиялық-диагностикалық сұрау және аналитикалық шығармашылық тапсырма. Яғни, балалар кейстер қарап, сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі,-дейді Ерсайын Қабдрашев, «beginit by indrive» жобасының маманы

Тегін білім беру аясында мектеп оқушылары әлеуметтік көшбасшылық пен жобалық жұмыс бойынша курстан өтіп, ғылыми-зерттеу мен әлеуметтік жобаларды істеуді үйренеді.

– Біз мектеп оқушыларына әлеуметтік көшбасшы дағдыларын үйрететін боламыз. Оның ішінде көпшілік алдында сөйлеу, өз идеяларын жеткізу, әлеуметтік жобаларға жоба әзірлеу дағдыларын үйретеміз. Осылайша олар жобалық жұмыс модулінде өздерінің әлеуметтік жобаларын жүзеге асыра алады. Біз үздік 3 әлеуметтік жобаны таңдап, Қазақстанның ауылдық жерлерінде жүзеге асыратын боламыз,-дейді Елена Тропинова, «beginit by indrive» жобасының жетекшісі

Ал финал Астана қаласында өтеді деп жоспарланған. Ал жеңімпаздар Алматыдағы inVision U жаңа инновациялық университетінің грант иегері атанады. Оқу грантына Жамбыл облысындағы мектептердің 10-сынып оқушылары, Astana Hub халықаралық технопаркі мен өңірлік Zhambyl IT Hub-пен серіктестікте жүзеге асырылып жатқан Beginit by inDrive тегін білім беру бағдарламасының финалистері үміткер бола алады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *