BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ҚОС АУДАННЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Жамбылда бірінші рет халықтың дауыс беруімен 2 ауданның әкімі сайланды. Пилоттық режимде өткен бұл сайлау Жуалы мен Т.Рысқұлов аудандарынан бастау алды. Бұған қос ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері негіз болған. Айта кету керек, 5 қараша күні республика бойынша 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қалада әкім сайлауы өтті.

Қос ауданда саяси науқанды өткізуге 82 сайлау учаскесі дайындалған.Алғаш рет пилоттық режимде өткен сайлауға ұйымдастырушыларда ерекше дайындалыпты. Бірінші рет дауыс беріп жатқан тұрғындар мен қарттарға арнайы сыйлықтарды тарту етті.

– Аудан әкімдерін халық сайлаған өте дұрыс деп ойлаймын. Мен бұл шешімді құптаймын қолдаймын. Себебі халық өзінің кандидатурасын да ұсына алады бұл жерде. Ел басының саясаты басты мақсаты жүзеге асырудағы халықтың билікке тікелей араласуы,-дейді Айман Батырбаева аудан тұрғыны

Жуалы ауданындағы сайлау учаскелерінде халық дауыс беруге белсенді қатысты. Айталық, нөмірі 199 шы дауыс беру орнына 500 ге жуық азамат тіркелсе, нөмірі 198 ші учаскеге 1423 азамат келген. Дауыс беруге өтініш қалдырған мүмкіндігі шектеулі азаматтарғада жағдай жасалған. Мамандар бюллетень тастайтын арнайы жәшіктерді тұрғылықты мекенжай бойынша апарып, ол азаматтарда өз таңдауын жасады.

– 5 Мүмкіндігі шектеулі азаматымыз бар. Олар өтініш тастады. Біз оларға 12 ден кейін қосымша жәшіктер мен барып дауысын алатын боламыз,-дейді Нарбек Қожагелдин, №198 сайлау учаскесінің комиссия төрағасы

Еске салсақ, мемлекет басшысы қыркүйектегі жолдауында пилоттық сайлауды іске асыруды тапсырған болатын. Айта кетк керек аудан әкімі лауазымына Жуалы мен Т.Рысқұловтан 3 үміткерден бақ сынады. Дауыс беру нәтижесінде бұрынғы әкімдер қызметке қайта сайланды. Жуалы ауданына Жалғас Мұртаза, ал Т.Рысқұлов ауданына Ернар Есіркепов әкім болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *