ТӘТТІ ТҮБІР ЖИНАЛУДА
Жамбыл облысында егістік жинау науқаны аяқталып келеді. Биыл дихандар 6 мың гектардан аса алқапқа қант қызылшасын отырғызған. Бұл бағытта 82 шаруа қожалық еңбек етсе, басым бөлігі Меркі ауданында орналасқан.
Дәл қазіргі кезеңде еңбеккерлер егіс басында еккен тәтті түбірді жинау жұмыстарына білек сыбана кірісіп кетті. Меркі ауданына қарасты қант қызылшасымен айналысатын іргелі шаруашылықтардың бірі – «Сыпатай батыр». Олар биыл 130 гектар жерге қызылша егіп, бүгінгі таңда одан 500-800 центнерден өнім алуда. Шаруа иесі тәтті түбір егуге әбден машықталып алған. Өйткені, техникаң түгел болса, дәнді дақылдан балтамыр баптаудың машақаты аз деп біледі.
Қанат ШАЙХИЕВ «СЫПАТАЙ БАТЫР» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Дәл осындай ауданға қарасты 29 шаруашылық жалпы 1780 гектарға қант қызылшасын еккен. Соның 11-і қант зауытына жиын-терім басталған бірнеше күннің ішінде 9269 тонна қызылша өнімін өткізіп үлгерді.
Сыпатай Батыр ЖШС орталығы биылғы жылы мол өнім шығарды. Биыл ауа-райыда қолайлы болды. Жинап теру науқаны жүріп жатыр. Зауыт басшылығына рахмет