ҚЫЗЫЛША ЖҰҚТЫРҒАН БАЛАЛАР КӨБЕЙДІ
Жамбылда «қызылша» жұқтырған балалар қатары күн санап көбеюде. Дәрігерлердің айтуынша тәулігіне кем дегенде 25 бала ауруханаға жеткізіледі. Ауа арқылы жұғатын дерт қазір өршіп тұр. Ата-аналарды әбігерге салған «қызылша» ауруы шынымен қауіпті ме?
Жамбыл облысында жыл басынан бері 1462 адам қызылшаға шалдыққан. Оның 1214-і балалар болса, 248-і ересек адамдар. Ақ халаттылардың сөзіне сенсек жұқпалы аурулар ауруханасына күніне 20-дан астам науқас түседі екен. Соныдықтан дәрігерлер ата-аналарды барынша сақ болуға шақырады. Аурудың алғашқы белгілері мынадай:
– Бала да 39-40 градусқа дейін температура болуы мүмкін. Ол 3-4 күнге дейін жалғасады. 3-4 күн өткеннен кейін бөртпелердің шығуы болады. Ол бөртпе бетінен бастап төменге дейін аяғына дейін түседі және бұл кезеңділік байқалады, яғни жоғарыдан төменге түсу. Бөртпенің бұл қызылша кезіндегі ерекшелігі бір бірі мен қосылады,-дейді Айгерім Тазабекова, ЖО жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі
Дәрігерлерді де қызылша жұқтырғандардың көбеюі алаңдатып отыр. Өйткені балалар арасында тез тарап жатыр. Олардың басым бөлігі уақытында екпе алмағандар,-дейді мамандар.
– Қызылшаға салғырт қарағандық балаларда корьдан кейін асқынулар болады. Яғни бұл қызылшадан кейінгі пневмания болмаса инфацелитке дейін асқынуы мүмкін. Осындай асқынуларды болдырмау үшін тұрғындарды біз вакцина алуға шақырамыз. Вакцинаны уақытында алған дұрыс. Вакцинадан кейін бала ауырмайды деген сөз емес ауырғанымен балада жеңіл түрде өтеді,-дейді Айгерім Тазабекова жо жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі
Бұдан бөлек мамандар халық қызылша мен желшешекті жиі шатастыратындығын айтады. Алайда екі аурудың айырмашылығы көп.
– Желшешек кезінде балаларда суфибрильді температурадан, фибрильді температураға дейін болуы мүмкін. Ол дегеніміз 37,1 температураны ұстап тұруы мүмкін. Ал кейбір балаларда ол 39-40 температураға дейін болады, және желшешек кезінде бір кезеңде барлық бөртпе болуы мүмкін яғни ол дақ,папула, визипула және қабыршақ,-дейді Айгерім Тазабекова, ЖО жұқпалы аурулар ауруханасының 1 респираторлық бөлімшесінің бөлім меңгерушісі
Ауру айтып келмейді. Десе де дәрігерлер ата-аналарды барынша сақ болып, белгілерін байқаса бірден ауруханаға бару керектігін жеткікізді. Себебі бұл ауру ми, тыныс алу жолдары мен өкпеге қатты зақым келтіреді.