BASTY BETJAŃALYQTARSportTARAZ 24 ONLINE

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев IV Азия Пара ойындарының, сондай-ақ V Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының жеңімпаздарымен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, IV Азия Пара ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен болатын. IV Азия Пара ойындарына Қазақстаннан спорттың 14 түрінен 131 спортшы қатысты. Олар 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 11-ші орынға табан тіреді. Жарыста біздің спортшылар Азияның 3 рекордын және Азияның 4 Пара ойындарынан рекорд орнатты. Сондай-ақ Сауд Арабиясында өткен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарында ел намысын 53 спортшы қорғады. Оның 23-і жамбылдықтар, 12-сі жеңіспен оралды.

– Ханчжоу қаласында өткен жарысқа 12 спорт түрінен 37 жамбылдық спортшы қатысты. Нәтижесінде 1 күміс, 3 қола медальға қол жеткіздік. Біз сізді керемет мақтан тұтамыз. Баршаңызды құттықтаймын. Сіз бәрімізге үлгісіз. Сізге алдағы уақытта сәттілік тілеймін,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *