BASTY BETJAŃALYQTARSportTARAZ 24 ONLINE

ЖЕҢІМПАЗ СПОРТШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Ел намысын әлемдік додада асқақтатқан жамбылдық спортшылар кеше Таразға келді. «Тараз арена спорт кешенінде 3 бірдей байрақты бәсекелерде топ жарған жерлестерімізді өңір тұрғындары мен олардың туыстары сән салтанатымен қарсы алды.

Жеңіс туын желбіреткендердің алғашқысы Сұлтан Әсетұлы. ол Албанияда грек-рим күресінен әлем чемпионатында 67кг салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, Ханчжоуда өткен 4-ші пара азия ойындарына жамбылдық 8 спортшы қатысып ел қоржынына 2 алтын, 1 күміс пен 1 қола медальдарды салды. Ал Нұрдәулет Жұмағали жүзден екі дүркін пара азия ойындарының чемпионы атанған еді.

– Баршаңызға рахмет еліміз аман жұртымыз тыныш болсын. Жәнеде өзіміздің жеке спонсорымыз бар «Тараз строй 2004» компаниясының басшысы Мейірбек ағама көп көп рахмет айтқым келіп отыр. Ол кісінің де көмегі өте зор осы спорттан. Барлықтарыңызға рехмет осылай келіп құттықтап, қолдап жатқандарыңызға,-дейді Нұрдаулет Жұмағали, жазғы паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы

Тараздықтар зор қошеметпен күтіп алған спортшылар қатарында дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарына қатысқан жамбылдық 15 спортымыз бар. Олардың 12-сі жүлдемен оралып отыр. Жалпы еліміздің атынан бұл сайысқа 53 спортшы қатысқан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *