BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

«AMANAT» партиясында кезекті фракция отырысы өтті. Жиында бірқатар ауқымды мәселелер қозғалып, қала әкімінің орынбасары депутаттар алдында есеп берді.

Жиында 2023 жылға белгіленген талаптардың орындалуы және осы жылы орындалмай қалу қаупі бар құрылыстар сынды өзекті мәселелер қозғалды. Мұндай мәселелердің бірі №7 қалалық емхананы қайта жаңғырту жұмыстары. Нысанның құрылыс жұмыстары кеш басталған. Оған жобалық сметалық құжаттың мемлекеттік сараптамадан кеш шығуы себеп болған. Дәл осы күйде тұрған тағы бір мәселе «Казарма» алқабындағы 180 орынды мектептің құрылысы.

– Біз фракция мүшелері болып сол құрылыс нысанына баруымыз керек. Шынымен де құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталды ма білуіміз керек. Бұл да күрделі мәселелердің бірі. Казарма жақтағы 180 орындық мектеп. Мердігердің айтуынша құрылыс жұмыстары кеш басталған. Уақытылы бітіремін деп отыр. Бірақ сіздердің болжамдарыңыз бойынша уақытынан кешігеді деп отырсыздар. Мердігермен кездесу қажет. Жылдың аяына дейін бітіретін болса, нақты қай уақытта бітіретінін білу қажет. График қойып, сол срокпен жұмыс жасау қажет,-дейді Марат Жұманқұлов, Тараз қалалық мәслихатының депутаттық фракция жетекшісі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *