BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

1 ҚАЗАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ!

1-қазан дүниежүзілік қарттар күні ретінде жыл сайын тойланып келеді. Облыс әкімі атаулы мерекеге орай қалалық 2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы қарттармен жүздесіп, мерекемен құттықтады.

Аймақ басшысы өз сөзінде қарттар халықтың қазынасы екендігін баса айтып, дендеріне саулық тіледі. Өңірдің Мәдениет саласының мамандары мерекелік концерт ұйымдастырып, қарттарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Сондай ақ орталықтың қоғамдық және мәдени жұмыстарға белсене араласып жүрген бірнеше қария марапатталды.

– Іс-шара өте ұнады. Жалғыз бұл емес бізге үнемі әншілер, бишілер келіп концерт қойып тұрады. Көңіліміз көтеріліп, сөйлесіп бір марқайып қаламыз,-дейді Жорабек Айдаров, №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушысы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *