ҚОРДАЙДА ЭТНОАУЫЛ АШЫЛАДЫ
Қордай ауданында туризмді дамыту үшін тағы бір жоба қолға алынды. Жас кәсіпкер Қарасу ауылдық округінде этно ауыл құрылысын бастаған. Мақсат 50 гектар аумақта байырғы қазақ ауылын құру. Жаңа бастама аяқталса, облыс тұрғындары қымыз бен саумал ішіп емделуге, көлге шомылып, атқа мініп, уақытты тиімді өткізе алады дейді, Мақсат Барманқұл.
Жас кәсіпкер бірнеше жыл бұрын облыс орталығында қымызхана ашып, өнімге деген сұраныстың жоғары екендігін байқаған. Осыдан кейін этникалық ауыл салу идеясы туындапты. Қазір мұнда құрылыс жұмыстары қарқынды. Екі киіз үй орнатылып, көне және заманауи стильде безендірілмек. Демалу орындары мен қонақ үй де салынып жатыр. Жоба авторы кешен аумағында ат және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолға алмақ.
-Иппотерапияны да мұқтаж жандарға қайырымдылық ретінде жасасақ па деп отырмыз. Өйткен, өзімізде де жылқы малы жетеді. Тек емдік мақсатта ғана емес, қаланың у-шуынан отбасыңмен келіп демалып, қымыз ішіп, қуырдақ жеп, атқа мініп, суретке түсіп, суға шомылып, бір демалыс орнын ашсақ па дейміз. Өйткені өзіміздің ауылда бір демалатын орын жоқ. Отбасымымызбен барайын десек тек қордайға ғана бару керек болады,-дейді жас кәсіпкер Мақсат Барманқұл
Сонымен қатар, мұнда көкөніс өсіру үшін шағын жер учаскесі де бар. Келген қонақтар бақша ішінен қажетті көкөністерінді тере алады. Мақсат Барманқұл шетелден келген қонақтарға салт-дәстүрімізді кеңінен таныстырмақ ниетте. Қонақтар ұлттық тағам, сусындардан дәм татады. Қымыздың жасалу жолын да көрсетеміз дейді.
Этноауыл аумағанда еңбекқор отбасының өз омарталары да бар. Олар тіпті тіпті биогумус жасау техникасын да зерттеген. Шымкенттен калифорниялық құрттарды сатып алып, жануарлар қалдықтарынан органикалық тыңайтқыш шығара бастаған. Жоспарлары мұнымен тоқтап қалмақ емес. Ал этноауыл шілде айының аяғы – тамыздың басында ашылады деп жоспарланған.