МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТҮРІКМЕНСТАН ПРЕЗИДЕНТІ СЕРДАР БЕРДІМҰХАМЕДОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесу өткізді,-деп хабарлайды «Taraz24news.kz» ақпараттық порталы Akorda.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына шақырғаны үшін әріптесіне алғыс білдірді.
Президент бұл конференция аталған санаттағы мемлекеттердің өзекті мәселелерін талқылап, нақты шешімдер әзірлеуге арналған маңызды халықаралық алаң екенін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономика, энергетика және көлік-транзит салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Қос еел басшылары Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайтуға дайын екенін тағы да растады.