ТҰМАУДАН ҚАУІП БАР!
Күн салқындаған сайын тұмаудың өршитіні белгілі. Дәл қазіргі кезеңде де ауырып ем іздегендер емхана мен дәріхана табалдырығын тоздырып жүр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше әлемде жыл сайын 5 млн-ға жуық адам тұмаумен ауырса, оның 250-500 мың жағдайы өліммен аяқталады екен. Сондықтан дәрігерлер сырқаттың белгілері байқалса бейқам жүрмей, аурудың дереу алдын алу керек деп дабыл қағуда.
Қазір еліміз бойынша тұмау жұқтырған науқастардың саны артып келеді. Ақхалаттылардың айтуынша, біз елемей бермейтін вирустық инфекция биыл ерекше сипат алған. науқастар болса көбіне үй жағдайында ем-дом жүргізіп уақыттарын жоғалтып жатады. Салдарынан дерт дендеп демікпе, аяқ қолдың тартылуы белгілерімен күресуге тура келеді. ал биыл ересектер мен балалар арасында аурудың асқынуынан коньюктивитпен шағымданғандар жетерлік.
– ЖРВИдің қосымша инфекциялының қосындысы яғни көздің инфекциясы. Яғни каньюктивит. Көзге инфекция түсуіне байланысты көзде тітіркену пайда болады. Яғни ол сол инфекцияға кері реакциясы ісінеді, қызарады. Тамақтың ауруы да инфекция жоғарғы тыныс алу жолдарында орналасқандықтан ол тамақ ауыруы яғни тыныс алу жолдарының жұтқыншақ,-дейді Ляззат Жақыпбекова, «қарасу» одо бөлімінің меңгерушісі
Биыл өңірде тәуекел топқа жататын азаматтар үшін тұмауға қарсы вакцинаның 122 мыңнан астам дозасы сатып алынған. Бүгінгі күнге дейін тек 2000-нан астам адам өз қалауымен вакцина алыпты.
– Екпенің пайдасы бұл алдын алады. Ол 100 пайызға дейін алдын алмаса да бірақтан екпені алғаннан кейін науқастарда ЖРВИдің жеңіл түрі өтеді. Яғни ауырған жағдайдың өзінде жеңіл болады,-дейді Ляззат Жақыпбекова, «қарасу» одо бөлімінің меңгерушісі
Эпидемиологиялық маусымның басынан бастап өңірде медициналық ұйымдарға жіті респираторлық вирустық инфекциясымен 2000-нан астам науқас қаралған. Олардың 62%-ы 14 жасқа дейінгі балалар екен.
Жалпы елімізде соңғы аптада яғни 23-29 қазаны аралығында ЖРВИ-дің 120 мың жағдайы тіркелген. ал өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 26 пайызға төмендеген дейді мамандар.