BASTY BETBİLİMJAŃALYQTARQOǴAMАймақ

816 МЕКТЕП БІТІРУШІ ҮЗДІК АТТЕСТАТҚА ҮМІТКЕР

Жалпы облысымызда 2023-2024 оқу жылын 586 мектепке дейінгі, 506 орта білім беру, 42 техникалық және кәсіптік білім мекемелерін 400 мыңнан астам оқушы, студент пен тәрбиеленуші аяқтаса, 12 мыңнан астамы мектеп түлектері екен.Биыл 9-сыныпты 22 867 оқушы аяқтайды. Қорытынды аттестаттау 9 (10)- сынып оқушылары арасында 29 мамыр-10 маусым аралығында жүргізіледі. Айта кетерлігі, 9-сыныпты бітіретін оқушылардың 1 598-і үздік аттестатқа үміткер.

Ал 11-сыныпты 12 121 түлек аяқтайды. Қорытынды аттестаттау 28 мамыр-11 маусым аралығында жүргізіледі. Барлық емтихандар оқу орнында – мектептерде өтеді.

«Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын облыс әкімдігінің білім басқармасы жанынан құрылған комиссия қарайды. 388 мектеп бітіруші «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер (2022 жылы – 305). 816 мектеп бітіруші үздік аттестатқа үміткер. Мектеп түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгімен» марапаттау салтанаты 12-15 маусым аралығында мектептердегі барлық емтихандар аяқталғаннан кейін ұйымдастырылады.– Облыс бойынша орта мектептерді 12 мыңнан аса оқушы бітіреді. Биыл ҰБТ «1 тестіленуші – 1 компьютер – 2 камера» қағидаты бойынша электрондық форматта өткізіледі. Негізі Ұлттық бірыңғай тестілеу 4 рет (қаңтар, наурыз, мамыр-шілде, тамыз) өтеді. Мамыр-шілде айында өтетін тестілеуге қатысушылар мемлекеттік білім беру грантын алу үшін конкурсқа 2 рет қатыса алады. Электрондық форматтағы ҰБТ-ға қатысу үшін онлайн режимде өтініш беру кезінде оқушы тестілеу күнін және уақытын өзі таңдайды.

  • Ал ҰБТ-ға тіркелу 6-14 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайты және UTO қосымшасы арқылы жүргізілді. 6-10 мамыр аралығында ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігіне, 11-14 мамыр аралығында екінші мүмкіндігіне өтініш беру қолжетімді болды. Тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтіп жатыр. Өзгерістер бойынша ата-аналар, мектеп бітірушілер, мұғалімдер қауымы арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілді, – деді Рауан Нұрғалиұлы.

Облысымызда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында биыл қала сыртындағы 7 жазғы сауықтыру лагері қызмет көрсетеді. Лагерьлер оқушыларды

1 маусымнан бастап қабылдайды. Барлығы 7 454 баланы жазғы лагерьмен қамту жоспарлануда.Сондай-ақ 405 мектеп жанындағы тамақтандырумен ұйымдастырылатын лагерь 36 259 баланы, 430 мектептің демалыс алаңдарында мектеп аумағын көгеріштендіру, абаттандыру, экологиялық және басқа да жұмыстарға 28 мыңға жуық бала тартылады. Түрлі бағыттағы экскурсиялармен 23 000 бала, мектептегі және мектептен тыс үйірмелерде 103 000-нан аса бала және дебаттық, пәндік олимпиадаларға дайындық жүргізіп, «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдердің белсенді топтарына 19 000-нан аса бала шұғылданатын болады. Жалпы балалардың жазғы уақытын қызықты және тиімді өткізуге 193 000-нан аса баланы қамту жоспарлануда.Брифинг барысында спикер жазғы суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік мәселесін де тілге тиек етті.

  • Облыс аумағында гидрографиялық тұрғыда 100-ден аса өзен мен 112 тоған орналасқан. Қазіргі таңда шомылуға рұқсат етілген 16 орын белгіленген. Сондай-ақ облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 26 қыркүйектегі №38-9 шешімімен шомылуға тыйым салынатын орындар айқындалған. Жоспарларға сай Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының талаптары негізінде облыстағы білім мекемелерінде «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында ақпараттық түсіндіру парақтары мен арнайы стендтер ілінген және жаңартылған.Сонымен қатар облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен бірге мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың судағы қауіпсіздігі бойынша ата-аналар мен оқушылар арасында жалпы 3 140 іс-шара өтіп, түсіндірме жұмыстарымен барлық оқушылар мен ата-аналар қамтылды.62 450 жадынама, 32 000-нан аса брошюра таратылып, барлық білім беру нысандарында бейнероликтер көрсетілді.Жазғы сауықтыру лагерьлерінде, облыстағы суайдындарда судағы балалар өлімін болдырмау және алдын алу бойынша жергілікті атқарушы және құзырлы органдармен бірлесе жұмыстар атқарылуда, – деді Р.Садырқұлов.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *