ТАРАЗДА КИКБОКСИНГТЕН ТУРНИР ӨТТІ
Таразда кикбоксинтен ресубликалық турнир өтті. Қазыбек Тауасарұлына арналған ХIII- дәстүрлі жарыста 200ден астам спортшы бақ сынады.
Қазіргі таңда еліміз бойынша кикбоксинг қарқынды дамып келеді. Біздің өңірде де дәл осы спорт түріне деген қызығушылық жастар арасында жоғары. Аталмыш жарысқа еліміздің 10 өңірінен спорт шеберлері қатысып, әр түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Жыл сайын өткізілетін турнирдің мақсаты кикбоксингті жас споршылар арасында дамыту.
– Бұл кісінің жарысын өткізетін себебіміз кейінгі ұрпақтарға өткір бабаларымыздың ерліктерін, еңбектерін білдіру. Екіншіден спортқа баулы патриоттық сезімге баулу,-дейді Әбдрахман ҚЫДЫРӘЛИЕВ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
Жарыс Дүниежүзілік кикбоксинг ұйымдары қауымдастығының К-1, лоу-кик ережелері бойынша өтті. Спортшылыр 2 минутан 3 раунд бойы шаршы алаңда қолғап түйістірді. Айта кетейк турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.