«АМАНГЕЛДІ» КЕН ОРНЫНА – 20 ЖЫЛ
«Амангелді» кен орнына – 20 жыл толды. Халықты сапалы көгілдір отынмен қамтамассыз етіп отырған серіктестікте айтулы датаға орай мерекелік концерт өтті. Тараз қаласынан 190 шақырым жерде орналасқан өндіріс ошағындағы жиынға кәсіпорын қызметкерлері мен газ саласының ардагерлері қатысты.
Амангелді кен орнында айтулы күн аталып өтілуде. Аталмыш газ кенорны 2003 жылы өз жұмысын бастаған болатын. Сол уақыттан бері Тоқтаусыз жұмыс істеп Жамбыл Облысын толық газбен қамтамасыз етіп отырған өндіріс орнына 20 жыл толды. Осыған орай Амангелді газ кен орнында дастархан жайылып мерекелік іс шара өтуде,-дейді Саламат Рахымет, тілші
Мерекелік шараға энергетика вице-министрі Асхат Қасенов қатысты. Оның айтуынша,Қазақстанда 54 млрд текше метр газ өндіріледі. Алкен орындары ілеспе жәнетаза газ шығарушылар деп екіге бөлінеді. Таза көгілдір отын өндіретін кен орындары елімізде санаулы.Солардың бірі осы «Амангелді» газ кен орны дейді.
– Қазіргі таңда амангелді газ кенорны жамбыл облысының 2,4 млрд текше метр газды жамбыл облысы пайдаланып жатса, соның 300 миллионы амангелді газ кен орнына тиесілі. 300 млн жылына беріп жатыр,-дейді Асхат Қасенов, ҚР энергетика вице-министрі
Жиынға қойнауы бай мекенді тапқан геологтардың бірқатары арнайы шақырылған. Ғалымдардың айтуынша экономикамызды өркендетуде мұндай жер асты байлығы 70 пайыз әсерін тигізіп отыр. Сондықтан халықты сапалы табиғи газмен қамтамассыз етіп отырған, осы салада еңбек ететін әр азаматтың ісі ерекше бағалануы керек дейді Серікбек Дәукеев.
– Әрбір кен орнында алғашқы кен орнын ашушылардың аттары жазылу керек. Қалада оны белгілеу керек. Сондықтан олардың омырауында ең жоғары марапаттау ол кен орнын ашушы деген медальі соны құрметтеу керек, ел құрметтеу керек,-дейді Серікбек Дәукеев, ҚР ұлттық ғылым академиясының президенті
Айтулы күнде мекемеде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген, адал ісімен көзге түскен азаматтар үздік қызметкерлер марапатталды. Олардың құрметіне Қазақстан эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.