BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE kz

ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ МӨҢКЕ ПОЛИГОНЫНА БАРДЫ

Облыс әкімі Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ Меркі ауданындағы Мөңке полигонына барды. Оқу жаттығу жиынына ауданның аумақтық қорғаныс бөлімшелеріне тіркелген әскери міндеттілермен барлығы 79 адам қатысқан.

42062 әскери бөлімінің оқу жаттығу полигонында болған тексеру жиыны 23 қазанмен 31 қазан аралығын қамтыған. Жауынгерлердің шеберлігіне куә болған Ербол Шырақпайұлы үздіктерге Бауыржан Момышұлының кітабын табыстады. оқу жаттығу барысымен танысқан аймақ басшысы, тексеру жиынының қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткен сарбаздарды алғыс хатпен марапаттады.

– Аумақтық қорғаныс әскерлері ұлттық қауіпсізікті сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі. Ел іргесі берік болуы үшін қазақсатның қарулы күштері оның ішінде аумақтық әскери кез келген уақытта ел тыныштығын қамтамасыз етуге дайын болуы тиіс. Бұған тек үздіксіз арқасында ғана қол жететіні анық,-дейді Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысы әкімі

Айта кетейік ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен аумақтық қорғаныс бригадасының материалдық-техникалық құралдарын сатып алуға және арнайы оқу-жаттығу өткізуге 502 млн теңге бөлінген. Сондай-ақ аймақ басшысының айтуынша әскери бөлімге қажетті ғимараттар мен құрылыстар салу мүмкіндіктері қосымша қарастырылуда дейді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *