ЖАҢА МЕШІТ – ЖАМАҒАТ ИГІЛІГІНЕ
Жамбыл ауданына қарасты Өрнек ауылында жаңа мешіт бой көтерді. Бір ерекшелігі ғимаратты тұрғызуға кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары өздері бастан-аяқ жүріп, атсалысқан. Енді міне, имандылық үйінің ашылуын көпшілік болып, бірге атап өтті. Қуанышты сәттен сюжет көріңіз.
Жақсылыққа жиналған қауымды Жамбыл облысы бойынша бас имам Бейбіт Мырзагелдиев құттықтап, қасиетті құранды тарту етті. Ал аудан әкімі аудандағы есігін ашқан бұл 34-ше мешіт екенін тілге тиек етіп, игілікті іске ат салысқан азаматтарды марапаттады.
– Бүгін Алланың шартымен арман орындалды. Бұл әуелі Алланың, екінші сіздердің қолдауларыңыз бен атқарылған жұмыс. Барлықтарыңызға рақмет. Алла осындай жақсы күндерімізді көп қылсын, жақсы күнде жақсылықта бас қосайық,-дейді Ерлан Қыдыралыұлы, Жамбыл ауданының әкімі
Сыйымдылығы 200 адамға арналған сәулетті мешіттің ашылу салтанатына алыс-жақыннан жамағат көп жиналды. Әсіресе, осы ауылда туып-өскен ел азаматтары жақсылықты көрмекке асыға келген. Немерелерін жетектеген қазыналы қариялардың да қарасыкөп.
– 9 айда осы ауылда оқу бітірген, сыртта қызмет істеген, ел басқарған жігіттердің барлығы осы жерде жиналып, бір үйдің баласындай төрт ауылдың халқы жиналып, осы жерде үлкен бастама көтердік. Мешітті салуға барлығы атсалысты-дейді Ермекбай Мырзалиев, ауыл ақсақалы
– Жол жөнделіп, ауылдың көркі кіріп жатыр екен. Әртүрлі жақсы ғимараттар соғылып жатыр. Міне, бүгін мешіттің ашылуы. Бұл ауылдың ауыз бірлігіне септік болатын үлкен қуаныш,-дейді Құрмаш Маханәнші, мәдениет саласының үздігі
Жаңа ғимарат тағы құлшылықтан соң келген қонақтар мен ауыл тұрғындары жаңадан соғылған орталық саябаққа жиналды. «Ауылым – алтын бесігім» мәдениіс-шарасы аясында ауыл өнерпаздары концерт қойып, балалар спорттық ойынардан жарысқа түсті. Осы ауылда туып-өскен белгілі әнші Құрмаш Махан халыққа ыстық-ықыласын ән мен жеткізді.