АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЖАМБЫЛҒА КЕЛДІ
ҚР ауыл шаруашылық вице министірі Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді. Әбілқайыр ТАМАБЕК жамбылдық шаруалармен кездесті. Мұң мұқтажын тыңдап, бірқатар егістіктің жай күйімен танысты. Сонымен қатар өңірде АӨК дамыту мәселелері бойынша қабылданып жатқан шараларды талқыланды.
Жиында сөз сөйлеген вице министр жамбылдағы ауа-райының қолайсыздығынан болған су тапшылығынан зардап шекен шаруалармен тілдесіп шешу жолдарын көрсетті. Сондай-ақ Қиындық көрген ірі шаруа қожалықтарына мемлекет тарапын көрсетіліп отырған көмектерді айтып, өзінің ойын жеткізді.
– 100гектар 200гектар егіп отырған шаруалар бар. Сіздер былайша айтқанда майда шаруалардың напақасына таласпаңыздар. Бірінші кезекте су үнемдеу технологияларымен мемлекеттен беріліп жатқан қаржыны пайдаланып, су үнемдеу технологияларын орнатыңыздар. Мынау жаңбырлатып суару 50-60 -80 гектарға арналған. Оны 3гектар 5 гектар шаруалар алалмайды шамасы жетпейді одан кейін оны алған тиімсіз оларға,-дейді Әбілқайыр Тамабек, ҚР ауыл шаруашылық вице министірі
Айта кетейік Республика бойынша биыл төтенше жағдайларға 3,7 млр теңге қаражат бөлінген. Бүгінге дейін бұл қаражаттың 1,4 млр теңгесі шаруаларға берілген.