«ЖАС МАМАН» ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Шу ауданында «Жас маман» жобасы аясында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша құзіреттілік орталығы ашылды. Сыйымдылығы 480 студентке арналған колледжде 8 мамандық 11 біліктілік бойынша жұмысшы мамандықтар білім алуда.
Қазіргі таңда өндірістік оқыту шеберлері диагностикалық жабдықтарды өндірістік тәжірибеде қолдану үшін біліктілік арттыру курстарынан өтіп, өндірістік тәжірибеге қажет , сұранысқа сай білікті маман дайындауда. Сондай-ақ колледждің материалдық-техникалық базасын жаңғырту мақсатында №10 Шу колледжі 2020 жылы «Жас маман» республикалық жобасына қатысып, «Ауылшаруашылығын механикаландыру мамандығы» заманауи техникалар және құрал-жабдықтармен жабдықталды.
– Әр жұмысшы мамандықта оқитын балалар бойында еңбекке деген құштарлықты ояту мақсатында, ертеңгі таңда өңірге өзінің үлесі тиеді. Өзінің еңбегімен осы жерде жақсы маман ретінде аталатындай мүмкіндіктерді жасап отыр. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, әр балаға мен болашақта жақсы маман болуына, жақсы оқу орынды бітіріп ертең жақсы жағынан көрінуге тілектеспіз- дейді Мұхит Нысанбаев Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары
Атаулы №10 Шу колледжінінің негізі 1989 жылы қаланған. Бүгінгі күнде колледжде ауылшаруашылығын механикаландыру, тамақтандыруды ұйымдастыру, нан пісіру, тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, шаштараз өнері, теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету секілді мамандықтар бойынша студенттер білім алуда.
– Жас маман аясында Құзіреттілік орталық ашылып, осыған байланысты бізде техникалар алынды. Мысалы тұрған тракторлар, комвайн, жер жырту соқалары секілді біраз техникалар бар. Сонымен балаларды үйретеміз, жұмыс жасаймыз, барлығына ыңғайлы жағдай жасалып жатыр-дейді Бектен Мамеков, өндірістік оқыту шебері
Аталған іс-шарада Мұхит Аманқұлұлы мен Бақытжан Оразалыұлы құттықтау сөз сөйлеп, лентасын қиды. Жиын «Жас маман» құзыреттілік орталықтың ұл – қыздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.