BASTY BETJAŃALYQTARTARAZ 24 ONLINE

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ КЕРЕК

Қазақстанда лудоманияға шалдыққандар саны 36 мың деп шамалануда. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Бұдан бөлек қаржы пирамидаларының құрығына түсіп, алданғандар да жетерлік. Олардың басым көбі жоғары білімді, дипломы бар азаматтар. Бұл халық арасында қаржылық сауаттылықтың төмен екендігін көрсетеді дейді мамандар. Қос мәселе көтерілген жиын Атамекен кәсіпкерлер палатасында өтті.

Мамандардың пікірінше, қаржылық сауаьтылық көп мәселенің щешімі болв алады. Сондықтан халық арасында түсіндіру жұмыстарын жиі өткізуу керек. Өйткені сан соғып қалған азаматтар көп. Айталық жыл басынан бері облыс аумағында қаржы пирамидасына байланысты 3 қылмыстық іс қозғалған.

– Жай қарапайым мысал келтірсек . Қаржы пирамидасы бойынша бізге 74 инвестор, яғни 74 өтінім хабарласты. 140 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Яғни, халық несие алып, қомақты қаржы салады. Сәйкесінше, олар алаяқтардың қолына ақша беру арқылы әлеуметтік деңгейін төмендетеді,-дейді Жағыпар Исатаев, ЖО экономикалық тергеу демартаментінің тергеушісі

Жиында мәселенің маңыздылығын ескеріліп, жастар мен ересектерге алаяқтардың қылмыстық схемаларын түсіндірді. Аьалмыш шараның бастамашысы әрі басты спикері Жан Ақжановта кездесуде өз ойымен бөлісті.

– Әр облыста кюнет пен антарес және тағы басқалар бойынша істер қозғалды. Мен бүгін түсіндірген ең маңызды нәрсе – қаржылық пирамидалардың алдын алудың жаңа тәсілдері. Жастармен жаңа жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Сіз ұйымдармен жұмыс жасай аласыз. Бізде де жақсы бейнероликтер жетіспейді. Дәл қаржылық пирамидалардың алдын алу туралы,- Жан Ақжанов , қоғам қайраткері, жазушы

Жиынға қатысқан облыстық және аудандық деңгейдегі білім беру, денсаулық сақтау және тағы басқа да ұйымдардың қызметкерлері Алдағы уақытта осы сынды шараны өзімізде де жалғастырсақ деген ниетте тарқасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *