АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ СПОРТ КЕШЕНІН САЛДЫ
Жамбыл облысында бапкер өз қаражатына жас спортшыларға шағын спорт кешенін салып берді.
Жуалы ауданының бапкері Талғат Тойшыбековтің сөзінше балдар бұған дейін 5 шақырым жердегі ауылға жаяу барып жаттығатын. Бұл кешеннің құрылысы 2 жыл бұрын бастаған болатын. Сонымен қатар ауыл тұрғындары да бұл бастамаға қаржылай қолдау көрсетті. Қазіргі жаңа спорт кешенінде 100-ге жуық жас палуан еркін күреспен тегін айналысып жүр. Талғат Тойшыбеков 20 жылдан бері бапкерлік қызметін атқарады. Шәкірттері ел чемпионы атанып, әлем біріншіліктерінде топ жарып жүр. Айта кетсек Азия ойындарында еркін күрестен ел намысын 6 палуан қорғаса , соның екеуі осы ауылдың балалары дейді бапкер
– Бұл жерде барлық жағдай қарастырылған. Мынау жарыс өткізуге көрермендер отыратын жер. Душ, жуынатын жер. Одан кейін мынау – жаттықтырушының бөлмесі. Одан кейін мынау сырттан балаларды қалыпқа келтіретін монша соғылып жатыр. Кательныйбөлек,-дейді Талғат Тойшыбеков, Жаңаталап ауылының тұрғыны
Айта кетейік, биыл Жуалы ауданында 3 спорт нысаны пайдалануға берілмек. Ал 2025 жылға дейін аудандағы барлық елді мекен спорт нысанымен қамтылады.